МТРА жаңалықтары

Мұражай – балаларға

 

 Қала көшелері мен ғимараттары бейнеленген картиналар бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырды. Балабақша тәрбиеленушілері Осипов, Бургаев, Савельев сияқты қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалады. Танымдық бағдарламада алуан түрлі ойындар мен орыс жазушысы Петр Ершовтың ертегісімен таныстыру да бар.

Евгения Колина, облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:
– Бүгінгі бүлдіршіндер ертегілерді аса оқи қоймайды.
Сондықтан біз оларға “Конек-Горбунок” мультфильмін ұсынамыз. Мектеп оқушылары да  ертегі тамашалап, бұған қатысты қызықты тапсырмаларды орындайды.

 Петр Ершовтың “Конек-горбунок” ертегісін зейін қойып тамашалаған бүлдіршіндер бұдан кейін   қызықты ойындарға қатысты.

Елена Царева, облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:
 – Бүлдіршіндер біздің іс-шараларды тамашалап қана қоймай, оған тікелей қатысуға мүмкіндік алды. Осы арқылы балалардың білімі мен ойлау қабілеттері дамиды.