МТРА жаңалықтары

Дәрігерлер дәріс тыңдауда

 

 Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің құрылғанына 80 жыл толады. Осы уақыт ішінде білім ошағы талай білікті дәрігерлерді даярлап шығарды. Мерейтой қарсаңында Алматы қаласының дәрігерлері білім акциясын бастады. Профессор Еркін Нұрғыжаевтың дәрісіне  облыстың барлық невропатолог мамандары жиналды. Кездесуде ми тамырларының патологиясы мен ұмытшақтық мәселесі талқыланды.

Еркін Нұрғыжаев, неврологтар қауымдастығының президенті:
– Бұл аурудың адам денсаулығына тигізетін кеселі мол. Егер дерттің алдын алмаса, науқас көпке бармай өмірден озады. Ал келесі тақырып  -ұмытшақтық ауруы. Мұндай қиындық  жастар арасында да жиі кездеседі.


Александр Володиннің невропатология саласында еңбек еткеніне 30 жыл болса да,  өз білімін шыңдаудан еш талмайды. Тәжірибелі маманның айтуынша, 21 ғасырда жиі ұшырасатын аурудың алдын алу мәселесі әлі көп зерттеуді қажет етеді.

Александр Володин, №4 қалалық емхананың бас невропатологы:
-Мен профессордың лекциясын бірнеше рет тыңдаған болатынмын.
Бүгін ұмытшақтық ауруын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен танысамын деген ойдамын.
Невропотологтар дертті емдеудің жаңа қырларын көбейту керек.

Мұндай оқу жұмыстары үш күнге созылады. Қорытынды кездесу облыстық дәрігерлер конференциясымен аяқталмақ.