МТРА жаңалықтары

ҰБТ әзірлік

 

 Биылғы ҰБТ-де жоғары оқу орнына өту үшін ең кем  дегенде 50 ұпай жинау талабы қойылып отыр. Үш жарым сағат ішінде оқушылар 125 сұраққа жауап берулері керек. Облыстағы 5300 түлектің 75 пайызы бірыңғай тестілеуге даярлануда. 102 түлек “Алтын белгіден” үміткер. 52 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа лайық білімдерін дәлелдеулері керек.


Шолпан Қаринова,  облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:

– Балалар психологиялық даярлықтан өтті. Ұқсас тестілер тапсырды.

Тестілеу маусымның 4-і, 6-сы, 8-іне белгіленген. Облыс түлектері 8 пунктке бөлінген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Петропавл қаласы мен Қызылжар, Аққайың, Мамлют аудандарының түлектері, барлығы 1718 оқушы тестілеуге қатысады.

 

Жангелді Сейітзадин, СҚМУ қабылдау комиссиясының атқарушы хатшысы:

-ҰБТ тапсырғаннан кейін шілденің 23-і мен 31-і аралығында құжат тапсыру басталады. Ал бұған дейінгі жылдарда мектеп бітіргендер кешенді тестілеуден маусымның 6-сы мен шілденің 9-ы аралығында өтеді.