МТРА жаңалықтары

Бассейндегі оқытушылар жарысы

 “Денсаулық және сергектік” спартакиадасы  -университет оқытушылары арасында өткізілетін дәстүрлі дода.

Оған университеттің барлық факультеттері  қатысады. Жыл сайын спорттың 12 түрінен өтетін жарысқа биыл жүзу сайысы да енгізіліпті. Өткен жылы ашылған бассейнде оқытушылардың жүзу өнері алғаш рет сыналды.


Ербол Исатаев
, әлеуметтік және тәрбие жұмыстарының жетекшісі:
Былтыр халықаралық стандартқа сай жүзу бассейні ашылған болатын. Оның алдында мұнда ҚР чемпионаты өтті. Одан кейін студенттер біріншілігі болды. Енді мұғалімдердің күші сыналуда.

Эстафета түр
індегі додада әр команда 50 метр қашықтықты 4 рет жүзіп өтті.  Салауатты өмір салтын ұстанатын Александр Наумов бастаған ДШФ командасы тапсырманы бірінші болып аяқтады.  

 Александр Наумов, спорт пәндері кафедрасының оқытушысы:
-Мұндай шаралар өте орынды деп есептеймін. Меніңше, спорттық шаралар жылына бірнеше рет ұйымдастырылуы керек. Біздің бірінші болып жетуіміздің себебі командамыздағы қыздар жақсы жүзеді.

Десек те, төрешілер ДШФ құрамасының көрсеткішін есепке алмады. Себебі факультет командасы кәсіби жүзгіштерден жасақталған екен. Ал І орынды ақпараттық технология факультеті еншіледі. ІІ орын экономика факультетіне бұйырды. Ал үшінші орынды жаратылыстану және жағрафия факультеті місе тұтты.