МТРА жаңалықтары

Банкирлер шағын футболдан сайысқа шықты

 

Қаржы институттарының арасындағы турнир биыл 15-інші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын жанкүйерлердің саны да артып келеді. Жарыстың ашылу салтанатын тамашалауға 100 -ден аса адам жиылды.

Жомарт Қажырақымов, ҚР Ұлттық банкі СҚОФ директоры:
Соңғы 3 жылда Альянс банк биік шыңнан көрініп, жүлделі орындарға ие болды. Алайда Центркредит, ТұранӘлемБанкі, Халық Банкілері де жақсы ойындарымен ерекшеленеді.

Өткен жылғы турнир жеңімпазы Альянс Банкінің құрамында биыл бірқатар өзгерістер бар. Сондықтан жеңіске жету оңайға түспейді дейді команда капитаны Нариман Сабдинов.

Нариман Сабдинов, “Альянс банк” АҚ СҚОФ сектор меңгерушісі:
– Екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып келеміз. Біз биыл да кубокқа үміткерлердің қатарындамыз. Сайыста жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға барынша тырысамыз.

Алғашқы ойынды Нұрбанкпен өткіз
ген Альянс банкі көп кешікпей қарсыластар қақпасына алғашқы допты соқты. Есепті екінші голмен Нариман Сабдинов еселеді.  Альянс банкінің 9 добына Нұрбанк тек бір голмен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп 9:1.
Альянс банкінің құрамасы алдағы күндері үздік командалармен кездеседі.
Сондықтан босаңсуға әлі ерте. Турнир қоры
тындысы мамырдың 30 -ы белгілі болмақ.