МТРА жаңалықтары

Қалада жолдар жаңартылуда

 

  
Бірінші кезекте былтыр жөндеу көрмеген жолдар қалпына келтіріліп, жеке тұрғын үйлер көп орналасқан аудандардың жолдары тегістелмек. Ол Бензострой, Копай, Ойқала, Жұмысшы және Солнечный кенттері.
Қазіргі таңда құм, тас және асфальт төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Виктор Ли, “СУ 808” ЖШС директоры:
-Бүгінгі күнде 58 мың шаршы метрге құм төселді.
Барлығы 210 шаршы метрге құм мен тас төсейміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар  шұңқырларды тегістеу үшін 79 млн теңге бөлінді. Оның 25 млн теңгеге жуығы игерілді.


Сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшін тротуарлар салынуда.
Бұл іске 78 млн теңге қаржы құйылған. Жол жиегіндегі белгілер мен бағдаршамдар да жаңартылмақ. Көпқабатты үйлердің аулалары да жөнделеді. Қазір мамандар Горький көшесіндегі 179 үйдің ауласына асфальт төсеуді аяқтап қалды. 1500 шаршы метр жер тегістелген. Жаңарған аулаларына тұрғындардың көңілдері толады.


Елена Оченаш, тұрғын:
-Бұрын үйге зорға  жететінбіз. Бала отырған арба селкілдеп, тіпті ұйқыдағы сәбиім оянып кететін.Қазір тегіс жолмен еш кедергісіз жүріп өтеміз.

 

 Бұл жұмыстың барлығы “Жол картасы” бағдарламасының аясында тындырылып жатыр. Тендерді жеңіп алған бас мердігер “СУ 808” ЖШС аталмыш бағдарлама бойынша 496 азаматты жұмысқа орналастырады. Әзірге серіктестік өз қарамағына 62 жұмыссызды алған.