МТРА жаңалықтары

Интернат 14 түлегіне ақ жол тіледі

 

 

 

  
Соңғы қоңырау мектеп бітіргелі отырған түлектер үшін маңызды шара. Үлкен өмірге қадам басқалы отырған жеткіншектердің қуанышына ортақтасқан облыс әкімі мектеп бітірушілерге ақ жол тілеп,  ақшалай сыйлық табыс етті. Жеткіншектердің барлығы да осы 11 жыл ішінде биік белестерден көріне алды дейді ұстаздар. Солардың бірі Ольга Кондратова – облыстық Абай және Мағжан оқуларының жеңімпазы.

Ольга Кондратова, мектеп-интернат түлегі:
Болашақта мен медицина саласында қызмет еткім келеді. Сондықтан мен биология пәнін таңдадым. Қазір ҰБТ -ға қызу дайындалып жүрмін.Орташа ұпай саным әзірге 94.

 Келген қонақтардың барлығы да мектеп бітірушілерді алуан түрлі сыйлықтармен қуантты. Бірінші сыныптың оқушылары да тыс қалған жоқ. Олар жауапты өмірге қадам басқан аға-апаларына өлең жолдарын арнады. Ыстық ықыласқа бөленген жас түлектер тәрбие мен білім берген ұлағатты ұстаздарына алғыстарын айтып, мектеппен қоштасу әнін  орындады.