МТРА жаңалықтары

Тың жоба

 

Соңғы уақытта бетон құю ісі біздің елде қанатын кеңге жайды. Ал құрғақ көбікбетон шығаруды әлі ешкім қолға алмапты. Онымен бүкіл үйді салып шығуға болады. Оған қоса темірбетонға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Тың жобаны кәсіпкер Әміржан Шакей қолға алды. Зауытты салуға 198 миллион теңге бөлінген.

Әмірхан Шакей, зауыттың атқарушы директоры:
Қомақты сома “Тобыл” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан алынды. 170 миллионды игеріп те қойдық. Бұл зауытта біз қоспаның үш түрі мен минералды ұнтақ шығаруды көздеп отырмыз.

Зауыттың алғашқы желісі маусым айының соңында іске қосылмақ. Бір айдың ішінде
құрастыру жұмысы толық аяқталуы тиіс. Бұл іске 20 жұмысшы тартылған.

Еламан Мұқышев, дәнекерлеуші:
азір бункерді дайындап жатырмыз. Жұмыс қызу. Уақытында аяқтаймыз.

Инвест
ициялық жоба үш кезеңге бөлінген. Оның соңғысы 2011 жылы іске аспақ. Зауыт басшылығы  көбікбетонмен ғана шектелмейді. Зауыттың қуаты толығымен пайдаланылады.

Әмірхан Шакей, зауыттың атқарушы директоры:
 
ізге негізгі өндіріс аздық етеді. Зауыттың қуаты жетіп жатыр. Сондықтан келесі жылы темірбетон да шығаруды көздеп отырмыз.

Көбікбетон қоспасы біздің елде осы күнге дейін шығарылған  жоқ. Ал сұраныс бар. Сондықтан     өнімді өткізу зауытқа қиынға соқпауы тиіс.