МТРА жаңалықтары

Перинаталдық орталықтағы күрделі жөндеу

 

Биыл “Жол картасы” бағдарламасына бірнеше денсаулық сақтау нысаны кірді. Оның ішінде облыс орталығындағы 4 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Облыстық аурухананың 3 бөлімшесі мен емханасы, перинаталдық орталық бағдарлама аясында қалпына келтірілетін болады.

Бауыржан Сәліков, денсаулық сақтау басқармасы бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары:
-“Жол картасына” сәйкес денсаулық сақтау саласына 580 млн теңге бөлінген.
Қазіргі уақытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Қабырғасы көтерілген 1991 жылдан бері жөнді күтім көрмеген перинаталдық орталыққа биыл өң кірмек. Б
ұл нысанда қаңтар айынан беру жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысшылар аса маңызды нысанды заман талаптарына сай етіп қайта жабдықтауда.

Жанна Мауытова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:
4 қабатта енді үлкендер мен кішілерге арналған оталық реанимация, бала туу бөлімшелері, босанған аналарға арналған бөлмелер мен гинекология болады. Жөндеу жұмыстарына биыл 300 млн 680 мың теңге бөлінді. Әзірге оның 39 пайызы игерілді.

Бұған дейін перзентхананың жаңа босанған аналарға арналған бөлмелері 6 адамға шақталып келді. Биыл бұл  палаталар 2 адамға ыңғайлы етіп жасалады. Қазір құрылыс басында 20 ағаш ұстасы, 15 электрик пен сантехник және 50-ге жуық студент еңбек етіп жүр.

Сергей Цыгановский, “Ассени” ЖШС прорабы:
ұрылыс 2,3,4-ші  қабаттарда жүргізілуде. 4-ші қабат 70 пайызға дайын. Енді желдету жүйесі мен жылуды қосу қажет. Ғимаратты желтоқсанның 1-і береміз деп жоспарлап отырмыз.
 

Күрделі жөндеу жұмыстары Тайынша ауданының Келлеревка селосындағы емдеу мекемесінде де өткізілетін болады. 65 адамға шақталған диспансер жақын арада пайдалануға беріледі.