МТРА жаңалықтары

Омарташыларға көмек

 

 

 

Александр Лопухтың омарташылықпен айналысқанына 5 жылдың жүзі болған.Осы уақытта ара өсірудің қыр-сырын меңгеріп, мінездерін де танып үлгеріпті.

Александр Лопух, омарташы:

-Күн жылынғаннан бері олар белсенділік танытуда. Мен жәшіктерді ашып, жәндіктердің жағдайларын тексерудемін. Енді шамамен екі аптадан соң араның алғашқы өнімінен дәм татуға болады.

Аралардың қыстайтын жері болмағандықтан
омарташылар оларды еліміздің оңтүстігінен әкеледі. Биыл 1500 қап ара әкелінген. Әрбіреуінде шамамен 6 мың ара бар екен. Жәндіктер ассоциация құрамындағы 97 омарташыға үлестіріліпті. Ал өз беттерінше бал өндірумен айналысатын жерлестеріміздің саны 2000-нан асып жығылады. Өңірімізде енді жанданып келе жатқан кәсіп түріне облыс әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

Олег Гаврилов, “СҚ омарташылар ассоциациясы” ҚҰ төрағасы:

-Қазір Тайынша ауданында берілген 300 гектарға аралар қонатын арнайы өсімдіктерді сеуіп жатырмыз. Кейбірінің тұқымдарын Ресейден алдық. Келесі жылы Мамлют ауданында да араға арналған алқап аламыз.  


Қазіргі уақытта облыс орталығында ассоциация мүшелеріне қарасты 3 дүкен бар. Бірінде омарташылықпен айналысуға қажет заттар сатылса, қалған екеуінің сөрелеріне бал өнімдері шығарылыпты. Саудаға түсетін балдың барлығы жергілікті жерде өндірілген.  СҚО-да жасалған  бал өзге қалаларда да сатылады.

Олег Гаврилов, “СҚ омарташылар ассоциациясы” ҚҰ төрағасы:

 -Астана қаласына екі рет барған омарташылар 700 килоі балды саудалап келген. Енді бүгін-ертең Қостанай қаласына бармақ. Кейін Ресейдегі көрмеге қатысамыз.

Омарташылар жеке цех ашуды да жоспарлап отыр.
Сөйтіп алдағы уақытта денсаулыққа пайдалы бал өнімдерінің бірнеше түрі шығарылатын болады.