МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерге қамқорлық


 

Өткен жылы орталық аппарат деңгейінде кәсіпкерлік нысандарын тіркеуге қажетті құжаттар тізімі 30 пайызға қысқарды. Енді бұл жұмыс әр облыста іске асуы тиіс. Өңірімізде  арнайы комиссия жұмысын бастап кетті.

Әбжаппар Иса, сараптамалық топтың жетекшісі:
иыл бұл жұмыс облыстарда жүзеге аспақ. Біз керек деген құжаттарды қалдырып, ал қалғанын алып тастауымыз керек.

Ал осы құжаттардың саны қанша? Бұл сауалға ешкім нақты жауап айта алмайды. Ең алдымен осы тізім нақтылануы тиіс. Кейін осы көлем 30 пайызға қысқартылмақ.

Әбжаппар Иса, сараптамалық топтың жетекшісі:
р ауданда осы тізім анықталады. Ол белгілі болған соң ғ
ана құжаттар 30 пайызға азайтылады.

Бұндай жаңалық
қа кәсіпкер қауым қуанышты. Осы жұмыс жүйеленсе, қағазбастылық та біршама азаяды.   
Қазіргі таңда Парламентте аталған заң жобасы дайындалу үстінде. Оған нақтыланған құжаттар тізімі қосымша
енгізілмек.  Заң күшіне енген соң міндетті емес құжатты талап еткен мемлекеттік орган қызметкері қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Ал 2014 жылы құжаттар тізімі тағы да 30 пайызға азайтылмақ.