МТРА жаңалықтары

ЕУРО арзандады

 

Мамырдың 24-не арналған еуроның теңгеге шаққандағы ресми бағамы 183,77 теңгені құрады. Сәуірдің 30-ы күні бұл көрсеткіш 194,35 теңге шамасында еді. Мамандар еуро құнының аз күнде арзандап кетуі уақытша екендігін айтады. Әзірге мұны олар қаржы дағдарысының салдарына балап отыр. Бірақ Еуроодақ жағдайды түзеу үшін шаралар қарастырған.

Жомарт Қажырақымов, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры:

-Жақында қор құру туралы шешім қабылданды. 750 миллион еуро салынды.1 трлн долларлық қор жер жүзінде жоқ.

Сарапшылар еуроның күн санап құлдырауы солтүстікқазақстандықтардың апшысын қуырып,
мазасын алмайтындығына сенімді. Себебі еуромен депозит салушылар жоқ. Өткен жылы төрт айда 8 млн еуро сатып алынса, биыл осы мерзімде 5 млн еуроға ғана сұраныс болыпты. Ал америка долларының 4 айда 59 млн-ны сатылған. Дегенмен тұрғындар ақшасын теңгемен сақтағанды қош көреді екен. 
Еуро тегеурінін
ің азаюы сыртқа шығаратын мұнай бағасының түсуіне әсер етуде. Керісінше, Еуропадан тауар тасушы кәсіпкерлер үшін уақытша жеңілдік өз пайдасын берген.

Жомарт Қажырақымов, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры:

-Ал Еуропада демаламын деушілерге пайдаланып қалуға болады.

Еуроның ертеңіне қатысты мамандардың пікірі сан алуан.
Бірақ оның арзандауынан  ел экономикасына зиян жоқ.

Жомарт Қажырақымов, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры:

-Қазақстанға еш зардап тимейді.