МТРА жаңалықтары

Жылу орталығындағы жөндеу

 

 

 

Қыстың қамын жаз ойлайтын «СевКазЭнерго-Петропавл» кәсіпорыны күн жылысымен 3, 6, 12-ші қазандықтар мен үш турбинаны кезекті жөндеуден өткізіп қойыпты. Майланып, сайланған агрегаттар үлкен қысымды сынақтан сүрінбей өткен. Қазір қауырт маусымға дайындық аясында 4, 5-ші қазандық пен 1 құбыр желісі қалпына келтіріліп жатыр. Көп кешікпей бұл жылу беруші құрылғылар да негізгі қызметін атқарып ортақ жүйеге қайта қосылатын болады.

Максим Бублейник, “СевКазЭнерго Петропавл” ЖШС бас инженерінің жөндеу бойынша орынбасары:
Сондай-ақ 2010-шы жылы қалған қазандықтар мен турбоагрегаттарды 3 күрделі 8 кезекті жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.Төменгі және жоғарғы қысым роторлары да жаңасына алмастырылады. Олардың әрбіріне 4 жылда бір күрделі жөндеу керек. Қызметіміз тоқтамасын деп бұл жұмыстар сатылап жасалады.

Сонымен қатар биыл 200 тонна құбыр мен 400 тонна металл бөлшектер жаңартылмақ. Қазандықтардың екеуіне титан эмульгатор орнатылмақшы. Жағылған көмір бөлетін улы қышқылдарды ұстап қалатын заманауи құрылғының 5-і бұрынырақ салынған. Серіктестік 2013 жылға дейін күл тазарту жабдықтарын барлық 11 қазандыққа орнатуды көздеп отыр. Эмульгатор күл тозаңының 99,6 пайызын ұстап қалып, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемі 6 есеге қысқарады.

Максим Бублейник, “СевКазЭнерго Петропавл” ЖШС бас инженерінің жөндеу бойынша орынбасары:
Жалпы қыс мауымына әзірлікке кәсіпорын 1 млрд 66 млн теңге бағыттады. Оның 450 млн. теңгесі қалпына келтіру мен техникалық қайта жарақтандыруға бөлінді. Бұл кешенді шаралардың арқасында кәсіпорын жылына 211 млн. теңгенің пайдасын көреді деп күтілуде. Жылыту маусымы басталғанша барлық жұмыстарды жоспарға сай аяқтаймыз.

Жас мамандардың тапшылығы үлкен мәселе дейді кәсіпорын басшылығы. Осыған орай олар студен
ттерді әдейі экскурсияға шақырған. Әмір Кәкенов СҚМУ-дың электр энергетика факультетінде оқиды. 4-ші курс студенті қолына диплом алысымен, осында жұмысқа тұрсам деп отыр.

Әмір Кәкенов, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Кітаптардан оқығаннан көрі қайнаған жұмысты өз көзіңмен тамашалау әсерлі болды. Үлкен турбина, қазандықтар маған мұндағы жұмыс ұнады. Егер де жолым түсіп жатса, осы кәсіпорынға жұмысқа келсем бе деймін.

Студенттер кәсіпорынның жүрегі саналатын – негізгі басқару орталығында болды. 4 цехтағы бар жұмысты өз көздерімен көрген болашақ мамандар саяхаттан үлкен әсер алды.