МТРА жаңалықтары

Саябақ тазарып келеді

 
“Қазақтелекомдықтар” өздеріне тиісті жер телімін қураған ағаштардан тазартып, жас талдарды отырғызуға жер дайындауда. Шаруаны тездету үшін олар жанармаймен жүретін бес ара сатып алған екен.

Екі күннің ішінде талай іс тындырылды. Жоспар уақытынан бұрын орындалатын түрі бар.  


Әлім Шүкенов
, облыстық телекоммуникациялар департаментінің бас директоры:
Облыс әкімінің тапсырмасы өте маңызды. 20 жылдан бері тазартылмай тұрған саябақты қалпына келтіру – игі бастама.

Мағжан Жұмабаевтың әкесінің басына қойылған ескерткіштің тасы өз орнында жоқ. Оны реставрацияға алып кеткен. Осы жер учаскесіндегі тазалау жұмыстарын облыстық мұрағат қызметкерлері жүргізуде. Олар ескерткіштің қоршауын сырлап, маңайын ретке келтіруде.

Гүлнара Багенова, облыстық мұрағат қызметкері:
Таңертеңнен бері еңбек етіп жатырмыз. Қаламыздың тұрғындары, жастары демалуға келсін деген ниеттеміз.

Қазір кесілген ағашты қала сыртына шығаруға екі жүк көлігі пайдаланылуда, ертең олардың саны тағы үшеуге толықпақ. Бірге көтерген жүк жеңіл демекші, атқарылып жатқан жұмысқа барлық мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысуда.

Төлеген Жораев, жер қатынастары жөніндегі басқарманың бас маманы:
-Екі күннен бері жұмыс жасап жатырмыз.
Өте жақсы парк болады.

Облыс әкімінің тапсырмасы орындалуда. Саябақтың 18 га жері
  жұмыс алаңына айналған.

Владимир Козлов, Петропавл қаласы саябақтарының директоры:
Ескі ағаштар кесіліп жатыр, жас көшеттер отырғызылатын жерлер қазірдің өзінде көрініп отыр. Бұл жұмыс келесі жылы жүзеге аспақ.


Мамырдың 24-і қала тұрғындары мемлекеттік қызмет
шілер атқарған жұмыстың нәтижесін өз көздерімен көріп, бағалайтын болады. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы келушілерді жаңарып, жасарған күйде қарсы алады. 1 маусым балаларды қорғау күні бүлдіршіндер үшін де демалыс саябағының жаңа кейіпке енуі үлкен сыйлық болмақ.