МТРА жаңалықтары

Полиция көмекшілерінің сайысы

 

 

 

Бұл жеткіншектер өз мектептеріндегі тәртіпті қадағалайды. Бұл қызмет жауапты, қатарластарын тәртіпке шақыру үшін  олар үнемі өздерін де үлгілі ұстаулары керек. Олар би кештері, акт залында өткізілетін шараларда кезекшілік атқарады

 Әсем Бейсенова, Ш.Уалиханов атындағы №19 қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:
-Біз мектеп тәртібін, дәретханада қыздардың шылым шекпеуін қадағаладық, бөгде адамдардың кірмеуін қадағаладық.

Кішкентай тәртіп сақшылары бұл күні өздерінің құқық саласындағы білімдерін де ортаға салды.
Үгіт бригадаларының байқауында жасөспірімдер зиянды әдеттен аулақ болудың, жақсыға асық болудың мәні неде екендігін көрсетті. Бірі ән салса, тағы бір топ сахналық көрініс ұсынды.

Қымбат Қасымғожина, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің аға инспекторы, полиция капитаны:

-Білімдері өте жақсы деуге болады. Атап өтсем, Ш.Уалиханов, классикалық гимназия,№ 8 мектептің оқушылары жақсы білім көрсетуде.

Жалпы облыс бойынша 3 424 оқушыдан тұратын 405 жас көмекшілер отряды жұмыс істеуде.
Биылғы оқу жылында олардың көмегімен 649 ереже бұзушылық фактісі анықталды. Полиция қызметкерлерінің сөзіне сенсек, жастар арасындағы қылмыс жыл сайын азайып келеді. Демек, жастарды мұндай шараға тарту өз жемісін беруде