МТРА жаңалықтары

Петропавл станциясындағы оқу-жаттығу.

 

Тәжікстаннан келген жолаушының денсаулығы   нашарлап кеткенін байқаған жолсерік бірден Петропавл станциясының санитар мамандарын шақырған. Ақ халатты жандар дер кезінде жетіп, науқасты оқшау орынға әкетті. Ал вагондардың іші түгелімен залалсыздандырылды. Петропавл станциясының санитарлық-карантин пунктінің бастығы Александр Мельниченконың айтуынша, мұндай жаттығулар жыл сайынғы дәстүрге айналыпты.

Александр Мельниченко, Петропавл станциясының санитарлық-карантин пунктінің бастығы:
Мақсатымыз полиомиелит инфекциясын анықтаған жағдайда жедел шара қолдану. Төтенше жағдай бола қалса, жасайтын іс-қимылды біліп алу. Себебі, Тәжікстан, Ресей сынды көрші елдерде эпидемиологиялық жағдай туындап отыр.


Полиомиелит – ащы ішек инфекциясы. Індет ауа, су және қолдың кірі арқылы жұғады. Бірінші белгілері дене қызуының 38-40 градусқа дейін көтерілуі мен іштің ауруы
көрінеді.

Фарида Мұхамеджанова,  санитарлық-эпидемиологиялық орталық бастығы:
-Инфекция жұқтырған адам бойындағы дерттің алғашқы белгілері 5-12 күн аралығында көріне бастайды.
Полиомиелит жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Тыныс алу жолдарын зақымдаса, адам көз жұмуы мүмкін. Ауру қоздырғышы көбіне параличке әкеп соқтырады.

Сақтансаң
сақтармын демекші, инфекцияның алдын алу шараларына көңіл бөлу керек. Дәрігерлер қолды сабынмен екі мәрте жуып, тек тазартылған суды ішу керек деген кеңес береді.