МТРА жаңалықтары

Жолды жарамсыз еткендер жауапқа тартылады

 

 

 Жұмысшы кентінің тұрғыны Людмила Корчева екі жыл бұрын Украинская көшесіне төселген тақтайдай тегіс  асфальтты сүйсіне еске алады. Бірақ өткен жылдың соңында балабақша маңында апатты жағдай болып, коммуналдық қызметтер жолдың астаң-кестеңін шығарған. Қыс өтіп, жаз жетсе де, жол жабыны қалпына келтірілмеді.

Людмила Корчева, қала тұрғыны:

-Алдымен жылу жүйелері келіп қазды. Ыстық су жолды шайып. Кейін «Петропавлсудан» келді.

Тұрғындар қай қызметтің қай күні жұмыс істегенін жіпге тізгендей әңгімелейді. Жеңіс көшесіндегі жолдың жағдайы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында да жақсармады.

Надежда Куминова, қала тұрғыны:

-Бұл көшені бірінші кезекте қалпына келтіру керек еді деп ойлаймын. Жеңіс көшесі емес пе? Балалар мектепке саз кешіп барады.

Жолға қиыршық тас төселіп, зақымданған телім жөнделуге да
йындалып қойған сияқты. Бірақ жұмыс өткен күзден бері жылжымай қойды. Сондықтан тротуармен жаяу жүргінші де, көлік те жүреді.

Жүргізушілер:

Жол жүру ережесін бұзып жатырмыз. Жолдың жағдайын өздеріңіз көріп тұрсыздар.

Жыл сайын осындай жағдай . Барлығына айтып жатырмыз. Қай жақпен жүруіміз керек?

Тексеріс барысында анықталған заң бұзуш
ылықтар бойынша прокуратура алдымен қалалық әкімдікке шара қолдануды ұсынады.

Нұржан Сәдуақасов, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:

-«Петропавл су», «Жылу жүйелері» акционерлік қоғамдары, СКРЭК серіктестіктері жұмыстан кейін жол жабынын толық жөндемейді. Прокуратура қалалық әкімдікке заң бұзушылықтар туралы талап жібереді. Акті бойынша әкімдікке тапсырыс берушіге қатысты шара қолдануды ұсынамыз.


Бұндай толық аяқталмаған жұмысты облыс орталығының әр ауданынан көруге болады.