МТРА жаңалықтары

Жаңа қызмет

  
Бұл диспетчерлік қызмет мамырдың бірі іске қосылды. Оның арқасын  жолаушылар тасымалдайтын көліктер ұдайы орталықтың бақылауында болады. Ол үшін  бірқатар автобустарға спутниктік жүйе арқылы GPS навигаторлар орнатылған.

Арман Амангелдінов,  “Жолаушы-СК” ЖШС директоры:
 – Экранда GPS навигаторлары орнатылған әр автобустың бағыты көрсетілген. Монитор арқылы біз олардың техникалық олқылықтарын не болмаса жүргізушілердің ереже бұзғанын көре аламыз.

Енді автобустар үнемі диспетчерлердің бақылауында болмақ. GPS навигаторлар 23 -інші және 31 -інші бағыттарда жүретін көліктерде орнатылған.

Антон Макаров,  Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
– Соңғы аялдамаларда 14 диспетчер орналасқан. Олар жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің бағытын белгілеп, қадағалап отырады. Келешекте жаңа технологияны қаламыздың барлық автобустарына енгізуді жоспарлап отырмыз.

Мұндай жаңашылдық Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында ғана бар. Енді олардың қатарына Петропавл да қосылды. Жалпы спутник арқылы бақылауға 26 қоғамдық көлік алынған. Қадағалауда болатын осындай автобустың бірін Айтбай Ж
әкенов жүргізеді. Ол GPS навигатордың берер пайдасы мол дейді.

Айтбай Жәкенов, жүргізуші:
Бұл қондырғының арқасында автобустар уақтылы жүреді.Оған жолаушылар дән риза.

Жаңа жүйе жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға әбден қолайлы болмақ. Осы арқылы олар автопарк жұмысы мен жүргізушілер
   жүктемесінің қаншалықты екендігін де бақылай алады.