МТРА жаңалықтары

Қыстың қамы

 Білім ошақтарына  “Солнечный” кентінде 12 гектар жер бөлінді. Күзде  одан түскен өнім қайырымдылық мақсатына жұмсалмақ.

Светлана Бондаренко, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
 – Жиналған өнімді педагогикалық қызмет  ардагерлері мен аз қамтылған балаларға бөліп береміз.

Ешкімді назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Мұндай игі іспен біз екінші жыл қатарынан айналысып келеміз.

Картоп
 егуге қаланың барлық білім мекемелері жұмылдырылған. Олар арнайы құрылған кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектептің мұғалімдері шаруаға таңнан бастап кірісті.

 Олжас Жақыпов, Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп мұғалімі:
-Біз егуге 8 қап картоп алып келдік. Бұл шараға біздің мектептің барлық мұғалімдері белсенді атсалысып отыр.

Өткен жылы білім саласының қызметкерлері 10 гектар картоп егіп, 23 тоннаға жуық өнім алды.