МТРА жаңалықтары

Су берушілерге жаңа машиналар тапсырылды

 

 

 

 

Жылжымалы көпфункциялы қондырғының қажеттігі көптен бері сезіліп келді. Әсіресе соңғы қыста облыс орталығының өзінде ғана 400-ден аса құдық қатып, жеке сектор сусыз қалды. Құдықтарды жаппай іске қосуға ескі, шағын құралдардың шамасы келмейтін.   Жаңа қондырғы қатты бу қысымымен жұмыс істейді. Ол су құбырларын, кәріздерді, құдықтарды жібітуді біршама жеңілдетеді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:              

– Бүгінге дейін жібімеген магистральдар бар. Сондықтан қала әкімімен бірге кәсіпорынның материалдық базасын күшейту үшін осы екі машинаны алу туралы шешім қабылдадық. Бұл жұмыс сапасын жақсартуға көмегін тигізеді деп ойлаймыз.

Жаңа қондырғыны кәсіпорындағылар жұмыста тексеріп көріпті. Машинаның атқаратын қызметтері көп-ақ.


Игорь Голодников, “Петропавл су ” АҚ шебері:                           Қондырғы ыстық сумен жұмыс істейтіндіктен үйді де жылыта алады. Канализациялық құбырларды шаю жұмыстарын атқаруға болады.

Қыста құбдықтарды жібіту үшін  150-180 градус бу немесе 75-95 градус су жіберіледі. Сондықтан жұмысшылар арнайы   киімдермен жабдықталған.

Виктор Ширяев, “Петропавл су” АҚ слесары:

-Қондырғылар қатты қысыммен жұмыс істейді. Сондықтан күйіктен сақтану үшін осындай киім қажет. Мұндай техникамен алғаш жұмыс істеп отырмыз. Қондырғы ұнады.

14 жарым миллион теңгенің қондырғысы сушылардың көңілінен шықты. Ал лай тазартқыш көктемгі, жазғы шаруаға таптырмайтын машина. Құдықтар мен суағарларға, кәріздерге тұнған балшық бұған дейін қолмен тазартылып келген. Облыс басшылығы арнайы жоспар бойынша кәсіпорынның материалдық базасын жақсартуды қолға алған.