Кітапханашылар семинары

МТРА жаңалықтары

16:17 20 Мамыр 2010

 Семинар жағымды жаңалықтан басталды. Жерлес жазушы С. Мұқановтың 110 жылдығына арналған электрондық викторинаның қорытындысы жарияланды. Оның барысында бойынша Мағжан Жұмабаев пен Айыртау аудандары белсенділік танытқан. Шара негізінен үш бөлімнен тұрды. Алдымен облыстық әмбебап кітапхананың мамандары енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы ңгімеледі. Кітапханаларда он-лайн қызметі мен электрондық ресурстарды дұрыс пайдалану туралы кеңестер берілді.
 

Ләззәт Жолаушинова, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың инновациялық  әдістеме  бөлімінің бас кітапханашысы:
-Біз осындай семинарларды жылына 4 рет өткіземіз. Сонымен қатар, кітапханашылар тәжірибе жинақтасын деп  шеберлік класстарын, конференциялар ұйымдастырамыз. Түрлі жобаларды жүзеге асырамыз.

Екінші және үшінші бөлімде шығармашылық ізденістер сөз болды. Мұнда әр ауданның жұмысы сараланды. Мамлют, Қызылжар және Тайынша аудандарындағы орталық кітапханалардың  атқарған іс-шаралары слайд арқылы көрсетілді. Өз кезегінде мамандар тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Облыс орталығына келіп, өз кәсіби деңгейлерін көтерген кітапхана қызметкерлері енді ауылдағы мамандардың басын қосып, тәжірибе бөліседі. Осылайша облыстағы барлық 309 мемлекеттік кітапхананың мамандары жұмыстың жаңа әдістерін меңгереді.