МТРА жаңалықтары

Экс-директордың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

 

 

 

Алғашқы қылмыстық іс бойынша жалған басшы Аманжол Молдыбаевқа Қазақстан-Ресей университетінің лицензиясыз қалуына қарамастан оқу процесін жалғастырды, яғни заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған. Қаржы полицейлерінің есебі бойынша, 2008-2009 оқу жылындағы Молдыбаевтың табысы 51 миллион теңге шамасында. Ал гуманитарлық-техникалық университет деп аты өзгертілгенмен, лизензиясы қолына тимеген басшы студенттерді оқытуды тоқтатпай,18 миллион теңгеден аса қаржы жинап алған.

Нұрлан Жахин,  СҚО бойынша ЭҚСЖКД баспасөз хатшысы:

-Аманжол Молдыбаевқа қатысты 190- баптың екінші тармағына сәйкес  ешқайда кетпеу туралы шара қолданылды. Молдыбаев тергеу шараларына қатысып жүр. Облыста 420 адам зардап шеккен, 200ден аса арыз түсті.