МТРА жаңалықтары

Баспана мәселесі

 

 

 

 Жаңа үйден баспана алғысы келген мемлекеттік немесе бюджеттік сала қызметкелері мен жас отбасыларға жаңа мүмкіндіктер туып отыр. “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда көпқабатты үйлердің құрылысы жанданды.

Балахмет Мөлдинов, “Тұрғын үй -құрылыс жинақ банкі” СҚ СҚОФ директоры:
-Петропавлда 215 пәтерлі үш үй, Новоишимкада 12 пәтерлі бір үй салынуда. Оны азаматтар 4 пайызбен бізден несие алып сатып ала алады.


Сонымен қатар Бастау, Өркен, Кемел, Болашақ тарифтері арқылы да үй алуға болады.
Ол үшін 3,5 жыл банк салымшысы болуыңыз керек. Осы уақытта үйдің жарты сомасын жинайсыз. Кейін отбасы кірісін растамай-ақ, жеңілдетілген күйде пәтерге ие боласыз. Сондай-ақ, алдағы жылдан бастап, банк салымшылары Елбасы жолдауына сай үш жақты келісімге отырып, пәтер ала алады. Ол үшін жергілікті әкімшілікте қаржы және құрылыс компаниясы болуы керек.

Балахмет Мөлдинов, “Тұрғын үй -құрылыс жинақ банкі” СҚ СҚОФ директоры:
-Бізде ондай құрылыс жүріп жатқан жоқ. Өйткені біздің облысқа бюджеттен ақша берілмей қалды. Ақша Алматы, Астана және Ақтөбеге бөлінді.
Бізге ендігі жылы беріледі.


Әзірге бұл тұрғын үйлердің қандай пайыздық мөлшерлемемен берілетіні нақтыланбаған, әрі бұл істі бастайтын инвесторлар да табылмай отыр. Сонымен бірге екінші нарықтағы пәтерді аламын деушілерге де банктің есігі ашық.
Оның пайыздық мөлшері 12-14 құрайды. Жыл басынан бері осы жолмен 52 азамат үй алыпты.