Егіс-2010

МТРА жаңалықтары

17:09 20 Мамыр 2010

Бұл жоспарланған егіс алқабының 28 пайызын құрайды. Сондай-ақ 372 гектар жерге майлы дақылдар себілді.  Ал картоп егу жұмыстары  аяқталып келеді. Бұл реттегі жұмыстардың 91 пайызы орындалды.

Ал жеміс-көкөністер 2,9 мың гектар алқапқа егілді. Бұл жоспардың 60 пайызын құрайды. Тағы бір атап кететін жәйт, 166 мың гектар жерге 12 мың тонна минералдық тыңайтқыш шашылды. Ал Мамлют ауданы көктемгі егіс жұмыстарының 16 пайызын орындады.  Әзірге жауын- шашын жоқ. Осыны пайдаланған диқандар тізе бүкпей, таң атқаннан қас қарайғанға дейін жұмыс істейді. “Крафт-СК” серіктестігі егін шаруашылығымен 13 жылдай айналысып келеді. Биыл олар 2,5 мың гектар алқапқа астық егіп жатыр. Қазіргі таңда бұл қожалық жоспардағы жұмысты 30 пайызға аяқтады.

Андрей Данникер,  “Крафт-СК” ЖШС директоры:
– Биыл біз егіс алқабын 300 гектарға азайттық.
Қазір 2,200 гектар жерге бидай, ал 300 гектарға арпа егіп жатырмыз. Бүгінгі күні химиялық заттармен толықтай қамтамасыз етілдік. Алайда тыңайтқыштар қолдануға қалтамыз көтермейді.

Серіктестік былтыр әр гектардан 18 центнерге жуық өнім алды. Биыл бұл көрсеткішті қайталауды көздеп отыр. Қазір қожалықтың басты мақсаты
 ылғалды сақтап қалу.

Виталий Нагель, механизатор:
– Биыл біз ешқандай жаңа өзгерістер енгізген жоқпыз. Егін егу жұмыстарын әдеттегідей өткіземіз. Қазір ылғалды барынша сақтап қалуға тырысып жүрміз. Өйткені осы жылы жауын-шашын аз болады деп болжануда.

“Крафт-СК” серіктестігінің меншігінде 7 себу агрегаты бар. Күніне олар шамамен 250-270 гектар жерге астық егуде. Жалпы мамлюттік диқаншылар биылғы науқанда барлығы 151 мыңдай гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр.


Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да заңгерлік кеңес беретін еріктілер штабы құрылды
«FlyArystan» әуекомпаниясы жыл соңында жаңа рейс ашуы мүмкін
200 теңгелік монета айналымға шықты
Ғ.Мүсірепов ауданы әкімінің есебі
Қызылжар ауданының әкімі есеп берді
Айыртау ауданының әкімі есеп берді
Мемлекеттік қызметкерлер ЕС-164/1 мекесінде болды
СҚО -да сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді
Медициналық ұйымдарға ақпараттық стикерлер жапсырылды
Митингілер туралы жаңа заң: жерлестердің пікірі қандай
29 жастағы тәртіп сақшысы өзіне-өзі қол жұмсады
Жамбыл ауданы әкімінің есебі