МТРА жаңалықтары

Өрт шығу жиіледі

 

 

 

  

Үстіміздегі жылдың 4 айында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 15 388 нысан мен тұрғын үйде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бір жарым мыңға жуық өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау фактісі анықталған. Биыл от шығу оқиғалары былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 30%-ға өскен. Өрттің шығуына тұрғындардың өздері де кінәлі. Қалада гидранттар аз. Жақында темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт аумағында болған өртті тез сөндіруге жақын маңда гидранттың болмауы кері әсерін тигізді.

Асхат Ержанов, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы:
Өрт гидранттарын “Петропавл Су” жөндеуі тиіс. Жыл сайын гидранттардың 50 пайызы жұмыс істемейді.

Суға
түсу маусымының басталуына аз уақыт қалды.  Сондықтан жаз басталысымен  суда құтқару қызметінің жұмысына да ерекше мән беріледі.

Антон Коптяев, суда құтқару қызметі бастығының міндетін атқарушы:
-Маусымның 1-нен бастап Пестрое көлі мен Есіл өзеніндегі қалалық жағажай ашылады.
Алдағы   маусымға дайындық жаман емес деуге болады. Биыл 1 автокөлік, 2 жаңа моторлы қайық сатып алынды. Құтқарушылар арнайы киіммен жабдықталды.

Ал 2009 жылдың желтоқсанынан бастап іске кіріскен
  112 диспетчерлік қызмет күніне 30-40 шақты өтінішті қабылдайды. Қоңырау шалушылардың шағымдарын тиісті орындарға бағыттап отыратын бұл қызметтің маңызы зор. 112 нөміріне телефон шалу  тегін.