МТРА жаңалықтары

«Жолдағы қабылдау»

 

 

 

Бүгін “Батыс” бақылау бекетінде жол полициясының қызметкерлері  барлық жүргізушіні тоқтатқанымен, бұл әдеттегідей тексеріс емес. Керісінше,  көлік иелері жол сақшыларының жұмысына баға беруде. Жүргізуші сауалнама сұрақтарына жасырын түрде жауап береді. Сондай-ақ жол жүру ережелерін өрескел бұзудың  салдары туралы  үнпарақтар таратылды.

 Жүргізушілер:

Мынандай акциялар жиі болып тұрған дұрыс. Жолда көп жүреміз. Жол полициясы жұмыстарын жаман атқармайды, өзіміз дұрыс жүрсек, бәрі жақсы болады.  
Мен ресейлікпін. Жұмыс барысымен Қазақстанға жиі келемін. Осы елдің ГАИ қызметкерлерінің жұмысы көңілімнен шығады. Арам пиғылдарын байқамадым. Кез келген сұраққа кеңес беріп тұрады. Бізде бұндай шаралар мүлдем ұйымдастырылмайды.

Жыл басынан бері облысымызда 84 жол
көлік апаты тіркелген. Оның салдарынан 17 адам өмірмен қош айтысып, 60-ы түрлі дене жарақаттарын алды. Тәртіп сақшыларының деректеріне сүйенсек, осы апаттардың үштен бір бөлігі жолды белгіленбеген жерден кесіп өте беретін жаяу жүргіншілердің кінәсінен болады. Акция аясында осындай нақты мысалдармен полицейлер өңіріміздің елді мекендерін аралап, түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Сондай-ақ облыс тұрғындары аталмыш қызметке қатысты өз сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.  

Александра Агранович,  Соколов мектебінің  оқу ісі меңгерушісі:
-Біздің мектеп айналасындағы жолдарда көлік көп қатынайды.
Алайда бірде-бір ескерту белгісі жоқ. Осы мәселе оң шешімін тапса, жақсы болар еді.

Басқарма бастығы Ерлан Ақылбеков бұл өтініштің жуық арада шешімін табатынын айтты. Солтүстікқазақстандықтар сондай-ақ ауызша жеткізе алмаған өз ұсыныстары мен тілектерін жазбаша түрде арнайы жәшіктерге сала алды. Өңірімізде бұл қызмет
ке еңбегі сіңген ардагер Қайрат Жұмағалиев қашан болмасын басты мақсат жол қауіпсіздігін сақтау екендігін айтады.

Қайрат Жұмағалиев, СҚО ІІД ЖПБ ардагері:
із жұмыс істеген уақытта сенбілік кеңестер өткізіп, тәртіп бұзған шоферларға талдау шасайтынбыз. Бұл акция жүргізушілерді, жаяу жүргіншілерді тәртіпке шақырады. Тәртіп болса, бәрі жақсы болады. Жас инспекторларға айтарым: апаттардың алдын алып, олардың санын қысқарту үшін еңбек етуге аянбаңдар.

Асықпаған арбамен қоянға жетеді деген қағиданы ұстанатын Михаил Андреев
 Қызылжар ауданының үздік жүргізушісі. Рөлге отырғаннан жолда жүру ережесін бір бұзып көрмеген ұқыпты жүргізуші мақтау қағазымен марапатталды.

 Михаил Андреев, жүргізуші:
-42 жыл бойы жол полициясына жаман қырымнан танылған жоқпын. Оның басты сыры  – жолда жүру ережелерін бұзбай, ұқыпты жүру. Жүргізушінің жауы -алаңғасарлық.

Өңірдегі жол сақшыларының тек 125- і қызметтерін тікелей жолдарда атқарады. Мұндай аз құраммен тәртіпті бақылау оңай  емес. Сақтықта қорлық жоқ демекші, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртіптілігі ғана  қауіпсіздік кепілі бола алады.