МТРА жаңалықтары

Зиянкестерге қарсы күрес

 

 

Фитосанитарлық диагностика  орталығының мамандары бұл жұмысқа қыстан бастап кірісіп, ауыл шаруашылығы товар өндірушілері биылғы жазда қандай зиянкестерге қарсы күрес жүргізетінін анықтады.   Мамандардың айтуынша, қыстың қатты болғанына қарамастан зиянкестер жақсы сақталған. Мамырдың екінші онкүндігінен бастап көпжылдық  шөп алқаптары мен табиғи шабындықтарда жергілікті шегіртке бас көтеруі мүмкін. Алайда бұл зиянкестер  кең таралмайды дейді фитосанитарлар. Өткен жазда Айыртау, Ақжар,Уәлиханов аудандарында  байқалған шегіртке ошақтары да қазір бақылауда көрінеді, әзірге қауіп жоқ екен.   Биыл алқаптарды аса қауіпті зиянкестерге қарсы өңдеу жоспарланған. Оған қажет қаржы республикалық бюджетте қарастырылыпты. Алайда ауыл шаруашылығы құрылымдары өздері де бұл мақсатқа қаражат бөлуі тиіс дейді мамандар.