МТРА жаңалықтары

Жазғы демалысқа әзірлік басталды

 

 

 

Оқушылардың жазғы демалыстарының да аулы алыс емес. Көп кешікпей лагерь балалардың күлкісіне толады. Қазірдің өзінде «Аққайың» және «Достық» балалар лагерьлері өздерінің кішкентай қонақтарын қабылдауға 70 пайыз дайын.

Рауза Карасева,  “Достық” балалар мен жасөспірімдер лагерінің шаруашылық ісінің меңгерушісі:
Біз 7 корпустағы негізгі жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Енді қалғаны әрлеу,
сырлау. Маусым ашылғанша біз 100 пайыз дайын боламыз. Демалыс ұмытылмас әсер қалдыру үшін балдырғандарға керектің бәрі бар.

Бұл сауық
тыру орындары 2010 жылдың жазында 2 мыңнан астам балғынды қарсы алмақ. Қалалық жаппай оқыту қорынан бөлінген қаражатқа әлауқаты төмен отбасыларының балалары ғана емес, құқық қорғау органдарының есебіндегі жасөспірімдер де дем алып қайту мүмкіндігіне ие болады. Әр топ психологиялық және жас ерекшеліктеріне сай жасақталады. Мәселен “Аққайың” лагерінде 7-10, ал “Достықта” 11-14 жас аралығындағы балаларды сауықтыру жоспарланып отыр. Облыс орталығы мектептерінің кіші және орта буын оқушыларының жазғы демалыстары 12 күннен 5 маусымға бөлінді. Күніне 5 мәрте берілетін ас мәзірін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бекіткен, оған негізінен жас ағзаға пайдалы жеміс-жидек, көкөніс енгізілген.

Александра Челнокова, Петропавл қалалық МСЭҚБ бас маманы:
Дайындықтары әзірге жаман емес. Су құбырлары, ыстықтарын басатын бассейн бар. Медициналық пункттер де дайын. Біздің тараптан соңғы шешім таза ауыз суы жіберіліп, құрамын сараптамадан өткізгеннен кейін шығарылады.

Мұнда өлкетану, ұлттық мұра, вокалдық-хореографиялық, театр, жас қаламгер үйірмелері жұмыс істейтін болады. Ең бастысы, жасөспірімдер біраз уақытын таза ауада өткізеді. Спорттық шараларға көп көңіл бөлінбек. Демалыс уақытында үш тіл қатар қолданылады.