МТРА жаңалықтары

Славян мәдениеті күні

 

 

Екі әдебиет қарым-қатынасының ең дамыған шағы 19-20 ғасырлар.  Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған ғылыми-практикалық конференцияда екі ұлттың ақын-жазушылары арасындағы байланыс, шығармашылық үндестік тақырыбы көтерілді.

Кемел Оспанов, СҚО тілдерді дамыту басқармасының бастығы:

-Конференцияның мақсаты  – екі елдің классиктерін насихаттау. Солардың шығармаларын келесі ұрпаққа жеткізу.

 

Абай мен Пушкин, Шәкәрім мен Толстой шығармаларындағы байланыс тақырыптарына мектеп мұғалімдері баяндамалар жасап, әдеби шығармалар талданды.  Екі елдің  ақын-жазушыларына  ортақ тақырыптар мол. Туындылары үндестік тауып жатады. Шығармалардағы көтерілген мәселелермен қатар стиль ұқсастығын да айқын көруге болады.

Раушан Фазылова,  № 2 Чкалов орта мектебінің мұғалімі:

-С.Мұқанов пен Горькийдің күрес тақырыбын қалай ашқандығын салыстырдым. Қазақ мектебінде орыс тілінен сабақ беремін. Жаңа ғасырдың адамдары екі тілді қатар білулері керек деп ойлаймын.