МТРА жаңалықтары

Отбасылық спартакиада

Халықаралық отбасы күні аясында  салауатты өмір салтын насихаттап, қызметкерлерді дене шынықтырумен айналысуға тарту мақсатында ұйымдастырушылар жарысқа спортқа жақын отбасыларын тартқан.

Қорған Төлебаев, ІІД КЖБ жауынгер және қызмет даярлығы бөлімінің бастығы:

 
Бүгінгі сайысқа 5 отбасы қатысып отыр. Олардың барлығы жарыс алдында медициналық тексерістен өтті. Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

 5 отбасы эстафета, 16 келі гір көтеру, қару-жарақты уақытқа бөлшектеп-жинау сияқты  барлығы 7 сынақтан өзара күш сынасты.