МТРА жаңалықтары

Мұражайлар күні

Мұражай өз көрермендерін тартымды әуенмен қарсы алып, Петропавл өнер колледжінің оркестрі  әсем композициялар ұсынды. Жалпы мұндай ауқымды шара жыл сайын өткізіледі дейді ұйымдастырушылар.

Мейрамгүл Әбуова, мұражай қызметкері:
Халықаралық мұражайлар күні 1977 жылдан бастап тойланып келеді.Бүгінгі шарамыз “Мұражаймен бірге кеш” деп аталады. Келушілер әр залда ұйымдастырылған ойындарға қатыса алады.

Мерекелік шараның бағдарламасы өте қызықты болды. Мәселен, болашағын білгілері келген жұрт балгерге жүгіне алды. Ал бодиарт өнерінің шеберлері өз туындыларын келушілердің денелеріне түсірді. Көне дәуір залында шараға қатысушылар алғашқы адамдардың құрал-саймандарымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.Мұражайға келген бүлдіршіндер де уақытты қызықты өткізді. Нұрбек Құсайынов өз балаларына балық аулауды үйретті. Танымдық экскурсия бүлдіршіндердің көңілінен шықты.

Нұрбек Құсайынов, мерекелік шараға қатысушы:
Мұнда мерекелік шара өтетінін бүгін ғана білдім. Мұражайға балаларымды алып келдім. Олар бұл мәдениет ошағына алғаш рет келіп отыр. Танымдық экскурсия балаларыма өте ұнады.