МТРА жаңалықтары

Баскетболшылар сайысы

 

 

Алаңға алдымен “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен темір жол колледжінің құрамалары шықты. Ойыншылардың тартысты сағынғандары бірден байқалды. Маусымашар дода қарқынды басталып, кездесу соңына дейін қос құрама жеңемін деген райларынан қайтпады. Болашақ теміржолшылардың әр шабуылы сәтті болып, доп себетке түсіп отырды.Оған “Жеңіс” ойыншылары да мардымды жауап қайтара білді. Алайда бұл жолы  колледж студенттері 4 ұпай айырмасымен басым түсті. Бұл турнирдің өзгелерінен бір айырмашылығы кәсіби командалармен қатар әуесқой, ардагер баскетболшыларды жиғандығы. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  жасөспірімдер баскетбол майталмандарынан тәжірибе жинақтап,  шыңдалады.  4 күнге жоспарланған қала біріншілігіне қатысушылар екі топқа іріктелді.  

Сергей Моор, жарыс төрешісі:
-Өткен жылдың турнир кестесін алып, екі топты деңгейлеріне қарай іріктедік.
Бұл жарысты қызықты қылады. Ә
р құрама бірі- бірімен кездесіп алады. Кейін жеңіліс көрмеген екі топтың үздіктері финалға шығады.

Алғашқы айналымның қорытындысы бойынша әзірге
«Университет» пен «Бар» құрамалары топ бастап келеді.