МТРА жаңалықтары

Қатерлі ісіктің алдын алу шарасы

 

 


 

Қатерлі ісікті анықтауға бағытталған тексерістен алдымен Тимирязев, Шал ақын, Мамлют, Жамбыл және Есіл аудандарының тұрғындары өтті. Бұл аудандардағы орталық  ауруханаларда әзірге маммограф жабдығы жоқ. Сондықтан әйелдер облыс орталығына келіп тексерілетін. Осы жолы олар тегін бақылаудан өтіп, әрі пайдалы кеңес алды.

Виктор Протасов, “Здоровая Азия Қостанай” онкологиялық науқастарды қолдау қоғамдық қорының директоры:
-Біз тексерістермен қатар кеңес беріп, қауіпті ісікті өз бетінше қалай бақылауға болатынын үйреттік. Сонымен қатар ісіктің қаупі мен оның салдары туралы үнпарақтар тараттық.


Осыдан 3 жыл бұрын «Здоровая Азия» қоры бастаған ел көлеміндегі игі іске «LG электроник Алматы» фирмасы демеушілік етуде. Өздерінің арнайы көліктерімен жүрген 3 дәрігердің алдынан 1811 солтүстікқазақстандық қыз-келіншек  өтіп, 240-ның сүт бездерінен рак ауруының алғашқы белгілері табылды.Олардың барлығына дәрігерге қаралуға жолдамалар берілген. Енді жылжымалы маммограф аппараты  Мағжан Жұмабаев, Аққайың және Ақжар аудандарының тұрғындарын қабылдайды.
Бұл тексерістерден кейін қауіпті ісік науқасына шалдыққандардың қатары өсуі мүмкін. Жалпы СҚО рак ауруына шалдыққандар саны бойынша республикада үшінші орында келеді.

Ермек Әбдірімов, облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері:
Өңірімізде науқастар қатарының қалың болуына тұрғындардың 14 пай
ызын 60-тан асқан қарттардың құрауы, сонымен қатар  облысымызда бала туу жағдайы да әсер етеді. Әрі жастар жағы тексерістен өтіп, ракты алдын-ала анықтауға асықпайды.

Онкологиялық аурудың алдын алу үшін  ұйымдастырылған шара бұдан әрі жалғасын Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында табады.