Петропавл кубогы

МТРА жаңалықтары

15:47 17 Мамыр 2010

Шығыс жекпе-жегіне тәжірибесі жылдар бойы шыңдалған таэкван-дошылар жиналды. Жекелей және командалық сынға түскен спортшылардың жасы  6 мен 18-дің арасында.

Елена Подлобко, республикалық таэкван-до федерациясы облыстық бөлімінің жетекшісі:
-Жарысқа шеберлігін сынауға келген спортшылардың жалпы саны 200-ге жуық. Таэквандошылар Ресейдің Омбы, Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарынан келген.

Айта кету керек, таэкван-до спорты өңірімізде жақсы жолға қойылған. Бүгінгі таңда облыстық құрама сапында 90 жеткіншек шынығып жүр. Десек те, «Петропавл кубогына» жиналған басқа аймақтың жастары халықаралық деңгейде көрініп үлгеріпті. Сондықтан жарыстың тартысты болатын түрі бар.

Тимур Сейткенов, таэкван-до құрамасының жаттықтырушысы, Семей қаласы:
Біз Семей қаласынан келіп тұрмыз. Жақсы турнир. Біз финалға жетуге үміттенеміз. Қиын болады.

 Өңіріміздің намысын қорғауға шыққан спорт шебері Николай Семенин жарыс алаңында бірінші болып қарағандылық таэкван-дошымен кездесті. Аяқ пен қолды үйлесімді сермеген жерлесіміз алғашқы айналымда қарсыласын тізе бүктірді. Алайда  Николай келесі қарсыласы – Азия чемпионына жол беріп алды.


Николай Cеменин, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
-Жаттығусыз рингке шығу қиын.
Жарыс өте тартысты. Қарсыластар жақсы дайындықпен келген. Таэквандошылардың барлығы бәсеке тудыруға тұрарлық.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының спортшылары бірінші орынды еншілеп, қанжығаларына 23 медальды байлады. Екінші орын
нан  көрінген Омбы қаласының шеберлері 8 алқаға ие болды. 18 медальды   жеңіп алған петропавлдықтар  үшінші орынға тұрақтады.