Отбасылар сайысы

МТРА жаңалықтары

16:02 17 Мамыр 2010

 

 

Елімізде жыл өткен сайын халықаралық отбасы күнінің ауқымы кеңейіп келеді. Осыған орай қалада түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Абылайхан резиденциясының ұжымы маңызды апталықтан тыс қалған жоқ.

Амангелді Балмұқанов, ҚР Мәдениет қайраткері:

ұл жақсы жоспарланған шара деп ойлаймын. Өйткені бүгінде балаларды да, ата-аналарын да спортқа тарту қиын. Мұндай шаралар да өте аз.

«Папам, мамам және мен» деп аталған тартыстың бел ортасында өнер және мәдениет саласының қызметкерлері мен олардың
отбасылары жүр. Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа бейімдеуге бағытталған бұл шараны ұйымдастырушылар көздеген мақсаттарына жетті. Отбасылары қызықты да қызу ойын көрсетуге бар күштерін салды. Театр, мұражай, кітапхана қызметкерлері өздерінің спорттан да құр алақан емес екендіктерін әдемі ойынмен дәлелдей алды. Мұны оларға дем беруге келген жанкүйерлердің қолдауынан да байқауға болады.

Қатысушылар:

Күтпеген жерден шақыру алдық, ойын өте көңілді өтуде. Мол әсер алдық. Сайыстардың көбі тым жеңіл екен.
Мен мұндай қызықты ойынға алғаш рет қатысып тұрмын. Біз бүгін жеңбесек те,
ештеңе етпейді. Ең бастысы қатысу.

Мұндай ойындардың тек спортты насихаттауда ғана емес, отбасының татулығын нығайтуда да маңызы зор. Осылайша, қызу тартыста нәтижелі ойын көрсеткен қуыршақ театрының «Парус» отбасылық командасы
бас жүлдені жеңіп алды.

 

Бұдан әрі оқыңыз

Ресейлік инвесторларға “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы таныстырылды
Есіл ауданында браконьерлер құрықталды
СҚО-да жел күшейеді
СҚО-да мал ұрлау фактілері көбейген
Аймақ басшысы Қызылжар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді
Еріктілер ұйымдары бірлесе жұмыс істемек
СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Аймақ басшысы шаһарда қоғамдық қабылдау өткізді
Аймақ басшысы қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты
«Апталық шолу» бағдарламасы 27.10.19
Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды