Үкіметтік емес ұйымдар ауылда да бар

МТРА жаңалықтары

16:19 17 Мамыр 2010

 

Семинарға негізінен ауылдардағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жиналған. Қазіргі таңда үшінші сектордың жұмысына жас буын қызығушылық танытуда. Дегенмен олардың көбі заң талаптарын біле бермейді. Сондықтан жастар ұйымдарын тіркеу, байқауларға қатысу кезінде мәселелер туып жатады.

Әсемгүл Есқожа, “Ардис” азаматтық бастаманы дамыту институты ” ҚБ төрайымы:
Ауылдықтар кейін қалып бара жатыр. Өйткені өз жұмыстарын көрсетпейді, не істеу керектігін білмейді.

Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырушы
құрылымдар қатарында. Соңғы жылдары бұл ұйымдар әлеуметтік маңызды жобаларға жиірек қатысатын болған. Салауатты өмір салтын насихаттау, ресустық орталықтар жұмысы, қайырымдылық шараларына жастар белсенді араласады.

Нұрбек Қаражанов, “Ұлан” клубының мүшесі
– Біз патриоттық тәрбие беретін шараларға жиі қатысамыз. Жастарды концерттерге тартамыз.

Бұндай семинарларда республикалық, халықаралық бағдарламалар бойынша грандтар, олардың шарттары туралы ақпарат алуға болады.

Динара Садулова, семинарға қатысушы:  –Қандай қорлар бар екендігін, қаржыландырылу үшін не істеу керектігін, құжаттар ресімдеп үйренеміз. Ауылдарда бұны үйрену қиын. Ең бастысы, үкіметтік емес ұйымдар жұмысын жүргізуден қорықпайтын боламыз.

С
еминарда соңғы жылдары үкіметтік емес ұйымдар құрамындағы жастар қатары көбейіп,  жұмыссыздық деңгейі төмендегені атап өтілді.