МТРА жаңалықтары

Гипертонияға қарсы күрес

 

 

 

 

Жаппай қан қысымын өлшеуге бағытталған бір күндік акцияның мүмкіндігін пайдаланып қалғысы келгендердің қатары қалың. Олардың арасында – өз денсаулығын күнделікті шаруамен жүріп, ұмыт кеткендер де бар. Игорь Демышев – орта жастағы адам, өзі қызметте, сондықтан уақыты да тығыз. Ол денсаулыққа көңіл бөлу қажеттігін жақсы түсінеді. Дәрігерлер қан қысымын өлшеп жатыр дегенді естіп,   осында бұрылған.

Игорь Демышев, қала тұрғыны:
Арнайы орындардың болғаны қолайлы. Адамдардың ауруханаларға баруға кейде уақыты жетпейді. Бұл тұрғындар үшін өте қолайлы.

Ақ халат
киген медициналық колледж түлектері   таңғы сағат 9-дан тұрғындарға қызмет көрсетуде. 2 сағатта вокзалдағы қосынның көмегіне жүзге жуық адам жүгінді.

Артем Чернявский, медициналық колледж түлегі:
Біз үшін бұл үлкен сынақ. Өз білімімізді тексердік. Көп адамдар келіп жатыр. Олардың арасында өз қан қысымынан бейхабарлары да аз емес. Біз жоғары қан қысымы барларға ауруханаларға жолдама жазып бердік.

Облысымызда жүрек ауруларына шалдыққан адамдар көп. Олар өз дертін бастапқы кезеңде елемейді. Асқынып кеткен жағдайда сырқатты емдеудің мүмкіндігі төмендейді. Соңғы кезде қан қысымы дерті көбейіп барады дейді облыстық аурухананың  кардиологы Галина Гурьянова.

Галина Гурьянова, кардиолог:
ртериалды гипертензия жастар арасында да таралуда. Сондықтан оның алдын алу жолдарын табу қажет. Осы мақсатта бүгінгі шара маңызды.