МТРА жаңалықтары

Елордаға саяхат

 

 

Петропавл әуежайына ұшақ бір сағаттан аса кешігіп қонды. Сондықтан болар Астанада демалғандар жолдан шаршап келді. Алайда Елорданың көрікті жерлерінен алған әсерлері мол. Мәриаш Исенова көпбалалы ана. Ол 4 ұл мен 4 қыз тәрбиелеп өсіргені үшін 2006 жылы “Күміс алқаға” ие болды.  


Мәриаш Исенова, көпбалалы ана:
-Астанада бізді жақсы қарсы алды.
Жаяу жүрген жоқпыз. Тек автобуспен ғана. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқан Елбасына рақмет.Астана бұрын мұндай емес-ті. Ол қазір көркейіп келеді.

 Елордада  “Думан” ойын-сауық кешені, “Бәйтерек”, “Атамекен” сияқты көрікті орындарды көргеніне  ҰОС ардагері Мария Данильченко да қуанышты.  Ол 1942-43 жылдары Мәскеуде әуе қорғанысы мектебінде жас сарбаздарды даярлап, майданға аттандырған. Мария Николаевна Елордамен алғаш рет танысыпты. Бұл екі күн жақсы әсер қалдырды дейді ардагер.

Мария Данильченко, ҰОС ардагері:
– Қала таза, көрікті. Біз Бәйтеректе болып, Елбасымен оның қолтаңбасы арқылы амандастық. Алуан түрлі балықтар жүзетін океанариумды да араладық.

Астананың көрікті жерлерін өңіріміздің көпбалалы аналары, ҰОС және еңбек ардагерлері мен оларға теңестірілген жандар, барлығы 20 адам аралап келді. Бұл игі шараны облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау
басқармасы ұйымдастырды.