МТРА жаңалықтары

Суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі

 

 

 

 

 Бір дәлізді №2 аурухананың дәрігері Игорь Поляковтың  пейзаждары алыпты. Бала кезінен табиғат көріністерін қағаз бетіне түсіріп келеді екен. Суретшінің алғашқы туындысы 1978 жылы Бурабай демалыс аймағында салыныпты. 

Игорь Поляков, әуесқой суретші, №2 қалалық аурухананың жоғары дәрежелі рентгенолог-дәрігері:
-Мен табиғатты жақсы көремін.
Күннің батуы, заттың көлеңкесі менің туындыларымда жиі көрініс табады. Суретті мектеп жасынан саламын. Кей кездерде әдемі пейзаждарды фотосуретке түсіріп, кейін акварель, гуашпен қағазға бейнелеймін.

 

Балықшы, кәсіпкер Вячеслав Смирновтың әуестенетін ісі көп. Сурет салуды өмірлік серігіне айналдырғанына 50 жылдың жүзі болған. Суретші  өз туындыларының барлығына дерлік табиғат сұлулығын арқау еткен.

Вячеслав Смирнов, әуесқой суретші:
Мен біздің өнерімізге әлеуметтің қызығушылық танытып келіп жатқандарына қуаныштымын. Осындай көрмелер жиі ұйымдастырылса екен. Мұнда менің 19 суретім қойылған.

“Созидание” әлеуметтік-мәдени орталығының жетекшісі Валентина Бикмаматова сурет өнерінің басқа саласымен айналысады. Әшекейлеп өрнектеудің қас шебері жас ерекшелігіне қарамастан ниет танытушы барлық азаматты қолданбалы өнерге үйретеді. Керамика, тері, қағаз с
ияқты заттардың барлығын іске жарады.


Валентина Бикмаматова, “Созидание” әлеуметтік-мәдени орталығының жетекшісі:
-“Арт-студ” орталығының тәрбиеленушілері жасаған еңбектер аралас техника, коллаж   әдістерімен жасалған. Бұл туындылар пейзаж, портрет сияқты суреттерден ерекше. Бұл жұмыстар шағын мүсін тәріздес.