МТРА жаңалықтары

Сапаны басқару

 

 
Семинарда кәсіпорындар басшыларына сапа менеджменті жүйесін енгізудің артықшылықтары туралы айтылды. Оның нәтижесінде өнім сапасы жақсарады. Бұл жүйені енгізген өндіріс ошақтары мемлекеттік сатып алуда бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізеді.
Қазіргі таңда облыс бойынша осы бағытта 81 кәсіпорын ғана жұмыс істеуде. Мұндай төмен көрсеткіштің өз себептері бар
 дейді ұйымдастырушылар.

Василий Чепухин, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің СҚО бойынша департаментінің директоры:
– Біріншіден, кәсіпорын жетекшілері бұл жүйеге қызығушылық танытпайды. Олар өздері үйренген бағытта жұмыс істей
бергенді жөн көреді. Екіншіден, кейбір басшылар мұндай жүйе бар екенінен құлағдар емес.

Кедендік Одақ аясында солтүстікқазақстандық кәсіпорындар әлемдік нарыққа сапалы тауар шығар
ып, бәсекеге қабілетті болулары қажет. Бұл туралы Елбасының Жолдауында да айтылған. Ал ол үшін сапа менеджменті жөніндегі сертификат болуы тиіс. Мұндай құжатқа “Фрегат” серіктестігі осыдан 3 жыл бұрын ие болыпты.

Вера Агеева, “Фрегат” ЖШС стандарттау жөніндегі инженері:
– 2007 жылы біздің басшылар осы жүйені
әзірлеу туралы шешім қабылдады. Біз консалтингтік компаниямен келісімге тұрдық. Ал Қазақстандық сапа ұйымы құжатты жасауға көмек көрсетті. Сол жылдың қазан айында біз сертификатқа ие болдық. Бұл сертификат Еуропа елдерінде де өз күшін жоймайды. Алайда мұнда да олқылықтар анықталды. Жүйені әлі де жетілдіру қажет.

Республика бойынша 2681 кәсіпорын халықаралық стандарттар негізінде жұмыс істеп келеді. Бұл бағыттағы көшбасшылардың қатарында Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары бар.