«Ұлан» спартакиадасы

МТРА жаңалықтары

16:51 14 Мамыр 2010

 

“Ұлан” сайысы жеткіншектерді әскери өмірге бір табан жақындатады. Осыны ескерген әскери институт мұндай жарыстар  өткізуді дәстүрге айналдырған.

Бауыржан Досжанов, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы:
-ҚР Қарулы күштері қатарына жасөспірімдерді даярлау, жастар арасында әскери- қолданбалы спорт түрлерін тарату,салауатты азаматтарды және патриоттық рухта даярлау мақсатында бүгінгі жарыс өтіп жатыр.

Дәстүрлі додаға жиналған  облыстың орта мектептері, кәсіптік-техникалық лицейлері  мен облыстық мектеп-интернаттардың 17 құрамасы спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен сынға түсуде.

Ерлан Алданазаров, СҚ кәсіптік-педагогикалық колледждің алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы:
-Жұмыс барысында біз оқушыларға патриоттық тәрбие беру үшін атыс дайындығы бойынша, тактикалық дайындық және азаматтық қорғаныс бағытында жұмыс істейміз. Бүгінгі жарысты жыл қорытындысы деп есептеуге болады.

Жарыстың алғашқы күнінде сайыскерлер  Калашников   автоматын бөлшектеп, қайта жинау, противогаз кию, әскери қорғаныс киімін кию, граната лақтыру, сапқа тұрудан мүмкіндіктерін көрсетті.
Облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған  мектеп- интернат оқушысы Ақзат Айтқожин бұндай жарысқа бірінші рет қатысып отыр. Дегенмен бөлім командирінің бастауымен берілген тапсырмалар мүлтіксіз орындалды. Жасөспірім болашақта азаматтық міндетін абыройлы атқаруға бүгіннен дайынмын дейді.

Ақзат Айтқожин,  СҚО спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп- интернат оқушысы:
Бұл жарыс бізге қиын емес деп ойлаймын. Өйткені оқу бағдарламасына еңгізілген, әрдайым дайындаламыз. Әр азамат Отан алдындағы борышын өтеуі керек деп санаймын. Біз бұл міндетке дайынбыз.

Алда сайыскерлерді белтемірге көтеріліп тартылу, мың метрлік қашықтыққа жүгіру, пневматикалық мылтықпен нысананы көздеп ату сындары күтуде. Кейін жинақталған ұпайлар бойынша жеңімпаздар анықталады.