МТРА жаңалықтары

Дипломмен –ауылға

 
Республикалық акция “Әр түлек – өз ауылына” деп аталады.  Мақсат – мемлекет қаржысына оқып, мамандық алған түлекті ауылда жұмыспен қамтамасыз ету. Аудан, ауылдарда дәрігерлер мен мұғалімдер, ауылшаруашылығы мамандары тапшы. Денсаулық сақтау басқармасы дәрігер кадрларды өзге облыстардан шақырмақ. Ал ұстаздармен өзіміздегі оқу орындары қамтамасыз етуі керек. Сонымен биылғы университеттің 570 түлегі жұмыс тауыпты.  268  жас маман   ауылдарға жол тартпақ. 300-дей түлек орман, ауылшаруашылығы салаларында еңбек етеді. Акцияны қолдаушылар негізінен мемлекеттік грант бойынша білім алғандар.

Бірақ ақылы түрде оқып, мемлекет бөлетін көтермеақы, тұрғын үй үшін жеңілдетілген несиеге қызыққан мамандар да ауылға бет түзеп отыр.