МТРА жаңалықтары

Бірыңғай ақпараттық күн

 

 

 

 

Жиынға қатысқан жастар, мұғалімдер мен дәрігерлер осы бағытта ой өрбітсе, кәсіпорындар өкілдері өз салаларында  Елбасы Жолдауының аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет.  “Бірлік түбі береке” демекші Елбасының салиқалы саясатына сәйкес қабылданған  Ұлттық бірлік доктринасы халықты одан әрі ынтымақтастыққа жетелейтін құжат.

Таңат Сүгірбаев, Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің өкілі:
– 140 этнос бар Қазақстанда,  оның бәрі бір халықтың, бір ұлттың өкілдері сияқты. Елдің ынтымағы, бірлігі болса, біздің экономикамыз да дамиды. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды.

Жиынға қатысушылар бұл бірлік доктринасы алдағы уақытта ұлттардың достығын одан әрі нығайтып, экономикалық- әлеуметтік тұрақтылыққа игі әсерін тигізеді деген сенімде.