МТРА жаңалықтары

Облыстық қуыршақ театрына -20 жыл

 

Облыстық қуыршақ театры осы 20 жылда 54 қойылым сахналапты. Ең алғашқы спектакль Винни пух жайында болған екен. Ал бүгінде труппа классиканы сахналайтын деңгейге жетті.  Театр ұжымын мерейтоймен құттықтаған  облыс әкімі Серік Біләлов сахнагерлерге шығармашылық табыс тілеп,  өнер ордасына автобустың кілтін табыс етті.  

Сергей Орлов, облыстық қуыршақ театрының директоры:
сындай автобус бізге керек-ақ. Бұрын біз шағын автобуспен гастрольдерге 2-3 әртісті ғана алып шығатынбыз. Енді бүкіл труппаны автобусқа отырғызып, аудандарға барып, балаларға қызықты спектакльдерді ұсына аламыз.

 Театр басшысы  Сергей Орлов  “Мәдениет қайраткері” кеуде белгісіне ие болды. Ал Айгүл Қасенова мен Василий Каргаполовқа өңір басшысы Құрмет грамотасын табыс етті.