МТРА жаңалықтары

Тазалық жұмасы


 

  Дәстүрлі сенбіліктерді жұма күнге ауыстырған қалалық әкімдік, Петропавлды көріктендіруді мықтап қолға алған. Өздері тұрғындарға үлгі болып, тазалау жұмыстарының бел ортасында жүрмекші. Әрі қаланы бірнеше аудандарға бөліп, жұма сайын сол секторда жұмыс істеуді шешіпті. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері   ертең жұмыс күні аяқталған соң  20-шы ықшам ауданды қоқыстан тазаламақ. Бұл секторда Шухов, Жуков, Хименко және Набережный көшелерін қамту жоспарланып отыр. Қала әкімдігі бұл   игі шараға  тұрғындар мен сол шағынаудандағы кәсіпкерлер, жеке пәтер иелері кооперативінің төрағалары мен қарапайым халық атсалысады деген үмітте. Ал жиналған тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығаруды ұйымдастыруды қала басшылығы өз міндетіне алып отыр.

Антон Макаров, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
– Аула мен көшелерін тазалап, қалдықтарды бір жерге жиып қойған азаматтар 109 қызметіне қоңырау шалып, көлік шақырта алады. Оларға “Коммунхоз” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны қызмет етеді.


Мамырдың 14-і күнгі алғашқы тазалық жұмасына  шамамен 200-ге тарта мемлекеттік қызметші шықпақ. Ал олардан қала тұрғындары да қалмайды деген сенім мол.