МТРА жаңалықтары

Сырқат балаларға сыйлық

 

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріндегі кішкентай науқастар “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалының өкілдерімен кездескенде спутниктік антенна қажеттігін айтқан. Балалардың бұл өтініштері екі аптаның ішінде орындалды.
Мұндағы бүлдіршіндердің ең кішкентайы төрт жаста. Балалар созылмалы өкпе дертімен айлап
емделеді.
Осыдан жарты жыл бұрын демеушілер бөлімшеге теледидар тарту еткен екен. Бірақ қаланың шетіндегі ауруханада жергілікті арналардың өзі нашар көрсетеді.

Диана Төкенова:

Мен мұнда жарты жылдан бері жатырмын. Медбикелер жақсы қарайды. Бірақ ішіміз пысатын . Соны “Нұр Отанға” айттық. Бірге антенна әкелді, көп рақмет.

Ал 15 килограмм бал облыс әкімінің атынан тапсырылды.

 

Татьяна Зинковская, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бөлімше меңгерушісі:

-Балдың балалар денсаулығы үшін маңызы ерекше. Емге де жақсы.


“Көктемгі мейірім апталығы ” аясында нұротандықтар барлық ауруханалар мен балалар үйлерінде түрлі шаралар ұйымдастыруда.


Данияр Әбутәліпов, “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық филиалының атқарушы хатшысы:

-Біз қаламен ғана шектелмейміз, аудандық шараларға да қатысып отырамыз.

Ересектер де ұзақ уақыт сарылып, аурухана терезесіне телмірген балалардың бір өтініштерін орындағандарына қуанышты.