МТРА жаңалықтары

«Поиск» тобы оралды

 

 

 

 

Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығы болғандықтан  қазба жұмыстары жүргізілген аумақ та жылдағыдан кеңірек болды. Іздеуді Новгород облысынан бастаған топ қаһарман қала Тула және Орел өңірлеріне дейін жетті. Іздеу жемісті болып, олар 409 қызыләскердің сүйегін тапқан.

Александр Азегов,  топ командирі:

Биыл ауа райы қолайсыз болды. Ол өңірлердің жерлері де қазуға ауыр тиді. Бірақ біздің тобымыздағы жастар үлкен дайындықпен барды. Сондықтан барлық қиындықтарға төтеп бердік.  
 
Осындай маңызды іске қатысу батыр бабаларының алдындағы қасиетті борыш деп түсінген Нұрғожа Құсайынов іздеуге биыл алғашқы рет қатысып, мол әсер алып қайтты.

Нұрғожа Құсайынов, “Поиск” қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

Мен бірінші рет бардым. Мен мұны өзімнің борышым деп санаймын. Маған бәрі ұнады.

Табылған олжалар жауынгерлердің қаружарақтары мен ыдыс-аяқтары. Аса белсенділік танытқан жастардың еңбектері еленіп, дипломдар   табыс етіліпті.

Динара Малгаждарова, “Поиск” қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

-Бұл жолы үлкен әсер қалдырғаны, біз неміс   блиндажында моншаның орнын тауып, оны өзіміз қайтадан құрып алдық. Жақсы жұмыс істегенім үшін мені дипломмен   марапаттады. Мұны өзім үлкен жетістік деп бағалаймын.  

Соңғы кезде табу өте қиынға соғатын жауынгерлік медальондар да жоқ емес.
Олардың үшеуінен Баку және Ярослав өңірлері солдаттарының есімдері белгілі болды. Қалған екеуі сараптамаға жіберілді.