МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерге арналған курстар

Елімізде кәсібін дөңгелентем деген белсенді жандарға қашан да жол ашық. Жеке ісін ашуға ынталы азаматтардың бастамасына бағдар беру үшін Петропавлда ақпараттық-консалтингтік ” Кәсіпкерліктің жедел курсы” өтуде

Тыным Шаймерденова, бизнес-бапкер:
-Бұл тренинг-сабақтар бизнеске енді келген және жеке ісін ашқысы келетін адамдарға арналған. Біз екі күннің ішінде кәсіпкерлік психологиясын,
маркетинг, қаржы, салық, құқық негіздеріне үйретеміз. Бір сөзбен айтқанда, бизнестің қыр-сырына үйретеміз. Нарық заманында бұл өте қажет деп ойлаймын.

Тыным Шаймерденова, бизнес-бапкер:
-Бұл тренинг-сабақтар бизнеске енді келген және жеке ісін ашқысы келетін адамдарға арналған. Біз екі күннің ішінде кәсіпкерлік психологиясын,
маркетинг, қаржы, салық, құқық негіздеріне үйретеміз. Бір сөзбен айтқанда, бизнестің қыр-сырына үйретеміз. Нарық заманында бұл өте қажет деп ойлаймын.

Танымдық сабақтың тыңдаушылары оқу-әдістемелік құралдар, ақпараттық-талдамалық материалдар, аудио, бейне таспалар мен жүзеге асқан дайын бизнесжоспарлар тізбесімен қамтамасыз етіледі. Бұның бәрі еліміздегі шағын және орта бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету мақсатында екі кезеңдік “Бизнес кеңесшісі” бағдарламасының аясында жүзеге асуда.

Әлия Айтығұлова, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аумақтық филиалының бас менеджері:
Өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында біздің өңірде бұл бағдарламаның алғашқы кезеңінен 700-ден астам адам өтті. Республика бойынша олардың саны 11 мыңға жетті. Қазір екінші кезең жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылдың күзінде  ісі өрге домалаған кәсіпкерлерге тереңдетілген білім беріледі.

Асхат Жұмабаев СҚМУ-дың «Банк ісі» мамандығы бойынша білім алуда. 4-ші курс студенті оқуын тамамдаған соң жеке ісін ашуды жоспарлап отыр.

Асхат Жұмабаев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Мен өз ісімді ашқым келеді. Сол себепті бизнестің қыр-сырын білу үшін осында келдім. Бұндай іс-шаралар халыққа, әсіресе жастарға өте қажет деп санаймын. Өйткені бизнестің ережелерін, оны әрі қарай дамытуды үйретеді.

Кәсіпкерлікке қажетті ақпарат аламын деушілерге есік ашық. Сабақтар тегін. Қатысушыларға сертификат табыс етіледі.