МТРА жаңалықтары

Журналистер арасындағы байқау

 

 

Жыл басынан бері облыстағы ақпарат құралдарында соғыс, жеңіс тақырыбындағы 1000-нан аса очерк, мақалалар, 900-ден аса бейнесюжеттер жарық көрген. Журналистер қауымы жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы талай әсерлі материалдар әзірлеп, оқырман мен көрермен назарына ұсынды.


Ерлік Жанділдин, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы:

-Аталардың ерлігін жас ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз деп білемін. Журналистерге рақмет. Осы конкурсқа қатысқан журналистерге рақмет.

Қазақ тіліндегі ең үздік бейнесюжеттің авторы «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшісі Диана Құлмағамбетова, барлаушы Миннигуль Кряжевских жайлы материал әзірлеген муниципалдық телеарна журналисі Юлия Меркулова және бірқатар газет тілшілері дипломдармен, облыс әкімі атынан ақшалай сыйақылармен марапатталды.


Тілеген Жетеев, “Ауыл арайы” газетінің тілшісі, Жамбыл ауданы:

-Журналистерге ой салады, келешекті ойлатады. Осындай байқаулар көп болуы керек.


Диана Құлмағамбетова, “Қазақстан-Петропавл” телеарнасының тілшісі:

-Соғыс ардагерлерінің ерліктері ұмытылмауы тиіс. Олардың ерліктері туралы материал әзірлеу біз үшін құрмет. Біздің аз жұмысымыз жоғары бағаға ие болғаны үлкен қуаныш.

Алма Балтабаева өзінің ұстазы,соғыс ардагері Мұстахым Хасенұлы туралы қалам тербеген. Материалы “Қызылжар нұры ” газетінде жарық көрді.

Алма Балтабаева, штаттан тыс тілші:

-Ағаларымыз, аталарымызды еске алу өте маңызды.   Мен ардагер ағам Мұстахым Хасенов туралы жаздым. Ол кісі ҰОС қатысты. Аралағашта ұстаздық етіп, елдің ел болуына көп үлес қосты.