МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтардың жаңа өнімі

 

 

Жаңа өндіріс желісінің құрылыс матераилдары зауытында іске қосылғанына бір ай болыпты. Бұндай желі Қазақстан бойынша ешбір қалада жоқ дейді кәсіпорын басшылығы. Оның бірегейлігі – мырышталған полиэтиленмен қапталған болат құбырлар толығымен осы жерде жасалады.

Александр Кондратов, “Петропавл құрылыс материалдары” ЖШС бас директоры:
Мырыш жалатылған қаптама, болат құбыр зауытта жасалады. Одан кейін құбырға пенополиуритан арнайы американдық машина арқылы құйылады. Барлық жұмыс автоматтандырылған. Сондықтан бұл жаңа технологиялық желі адам күшін аса қажет етпейді. Диаметрі 100 мм-ден 1200-ге дейінгі құбырлар жасаймыз.  

Зауыттағылар бұндай құбырдың бүгінгі күні Қазақстанда үлкен сұранысқа ие екенін айтады. Өйткені жылу құбырлар
ының дені тозған. Осы күні 300 млн. теңгенің тапсырысы жасап та қойылған. Зауыт басшылығы жергілікті кәсіпорындармен қатар  Астана, Көкшетау, Павлодар фирмаларымен сәтті әріптестік орнатыпты. Жалпы жаңа жобаның құны – 100 млн. теңге. Айта кету керек, желіні іске қосу үшін мемлекет қолдау көрсеткен. Александр Кондратов “Даму” қорының қолдауымен екінші деңгейлі банктен төмен пайызбен несие алғанын  айтады. Бірінші кезекте  заманауи “Спайра” қондырғысы сатып алынған. Оның көмегімен   минутына 60 метрге дейін құбыр жасалады. Желі іске қосылғаннан бері үш шақырымға жуық қапталған құбыр шығарған.

Алексей Воропаев , оператор:
Жақында іске қосылған желінің ұтымды жақтары көп. Өнімділік бірден артты. Уақыт біршама үнемделеді. Барлығы дерлік автоматтандырылғандықтан біздің жұмыс біршама жеңілдегенін айту керек.

Зауыт жасап шығарған құбырдың екінші партиясы жақында жөнелтілмек. Кәсіпорын басшылығы әріптестік аясын кеңейтіп, үстіміздегі жылы Ресей нарығына шығуды көздеп отыр. Ал алдағы аптада құрылыс материалдары зауытында диаметрі 700 -ден 1000 мм-ге дейін жететін полиэтилен құбыр
жасалатын желі іске қосылмақ .